Үздік әрі үлгілі
Өмірдегі көптеген мамандықтардың ішінде жан-жақты білімді, асқан шеберлікті, шексіз мейірімді керек ететін ұстаздық мамандық екені сөзсіз. Олай дейтін себебім, мұғалім үнемі оқушыларымен бірге болып, олардың білсем, үйренсем деген бала арманы мен сырлы тағдырына бағыт сілтеуді мойына алған маман. Бүгінгі түсініктегі ұстаз шәкірттеріне тек теориялық білім беріп қана қоймай, оны өмірде пайдасына жаратуға, бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу қажет. Әрине, бұл нағыз ұстаздың қолынан ғана келеді. «Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті», - депті К.Д.Ушинский. Иә, ол айналасына шуақ [...]












