Ойға жетелеген өнер сайысы
Абай – қазақтың ұлы ақыны, философы. Оның философиялық ой-пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері мен ислам философтарының көзқарастарын жетік білді, сонымен бірге, ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларымен, Сократтың еңбектерімен толық танысты. Дана тұлға кемеңгерлердің туындыларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды. Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, солардың барлығына Абай алға басарлық тұрғыдан жауап беруге тырысты. [...]












