АЭС-ті қолдаушылардың қатары тұрақты өсіп жатыр – үш сауалнаманың нәтижесі
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша "Демократия институты" ҒЗҚ ҚБ 2024 жылдың 13-26 қыркүйек аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 1 200 респондент қатысты. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының респонденттері қатысты. Жалпы респонденттердің басым бөлігі – 72,9%-ы атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. "Қазақстанда АЭС салу идеясына көзқарасыңыз қандай?" деген сұраққа респонденттердің шамамен үштен екісі оң көзқарас білдірді. Алдында жарияланған сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда бұл қазіргі уақытта ең [...]