Қостанай ауданының әкімі Олжас Нұрғалиев бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен сала ардагерлері Кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің мамандықтарыңыз қазіргі қоғамдағы ең маңызды әрі сұранысқа ие кәсіптердің бірі болып саналады. Цифрлық технологиялар қарқынды дамыған бүгінгі заманда ақпарат санаулы секундтар ішінде таралады. Сондықтан өңірде болып жатқан оқиғалардың жан-жақты, шынайы әрі объективті түрде жариялануы сіздердің кәсібиліктеріңізге, жауапкершіліктеріңізге және жеделдіктеріңізге тікелей байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында тұрғындар күн сайын өзекті әрі шынайы ақпарат алып, сарапшылардың білікті пікірлерімен танысып, қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғалар мен [...]












