Қуаныш пен шаттыққа толы күн
2 шілдеде Новоселовка, Абай, Осиновка, Рыспай және Талапкер ауылдарында балаларға арналған заманауи ойын алаңдарының ашылу салтанаты өтті. Балалардың қуанышы мен шаттығы Жаңа ойын алаңдарының ашылу салтанаты нағыз мерекеге айналды. Ауылдардың әрбір тұрғыны мен баласы бұл күнді ерекше қуанышпен қарсы алды. Алаңдардың ашылуына орай, балалар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, түрлі көңілді әндер шырқалды. Музыкалық нөмірлер мен әншашулар көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Концерт бағдарламасы балалардың көңілін көтеріп, оларды қуанышқа бөлегені сөзсіз. Шара барысында балаларға тәтті балмұздақтар таратылып, олардың күлкілері мен шаттықтары ауылды одан [...]