Талабы таудай жас зерттеуші

Талабы таудай жас зерттеуші

Қазақтың еркіндігі мен тәуелсіздігін аңсаған, осы жолда жанын қиған тұлғалардың бірі – Кейкі Көкенбайұлы. Батырдың өмірін зерттеуге ынта білдіріп жүрген оқушыларымыз аз емес. Олардың қатарында Аружан Арманқызы да бар.

Кейкі – өз заманының атақты батыры, халықтың жанашыры, елдің қорғаны. Ол 1916 жылы Торғай даласында болған көтеріліс кезінде мергендігімен аты шыққан батыр. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қазақтың киелі жерлерін және әйгілі тұлғаларын жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында Кейкі Көкембайұлыннын бас сүйегі туған жеріне әкелінді.
Аты аңызға айналған батыр Кейкі Көкембайұлына қатысты ел арасында сақталған деректерді, аңыз әңгімелер, ұлт-азаттық көтеріліс жайлы зерттеп жүрген ғалымдар жетерлік. Тұлға тарихын зерттеу, олардың қазақ қоғамындағы алатын орнын ашып көрсету, бағалау маңызды. Кейкі батырды зерттеу жолында жас зерттеушілер де бірталай еңбектеніп жүр. Осы орайда Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің 11-сынып оқушысы Аружан Арманқызын тілге тиек ете кетсем деймін. Ол Кейкі батырдың қилы тағдырын зерттеуді 2017 жылы бастады. Алғашқыда талпыныстан туған танымдық ғылыми еңбегі атақты қол мерген Кейкі батырдың қиын да күрделі өмірін зерделеуге ұласты. Аружанның ізденімпаз талабының арқасында көптеген құнды деректер жинақталды. Қостанай өңірінің жоғары оқу орындары ғалымдарымен сұхбаттасып, Кейкі батырға қатысты деректерді топтастырды.
Кейкі батыр жайлы облыстық көлемде интернет желісінде сауалнама алынды. Осы ізденістің нәтижесінде аудандық көлемде ғылыми жобалар сайысына қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстақ ғылыми жобалар сайысында жүлделі 3-орынды еншіледі. Аружан осы жетістікпен тоқтап қалмай, зерттеу жұмысын жалғастырып, Кейкі батыр туралы құнды деректер мен Қостанай өңірінің қасиетті жерлерін иентернет желісінде жинақтап, көпшілікке дәріптеуде.
Батыр бабамыздың бас сүйегінің елге оралып, туған елінде жер қойнауына беріліп, тыныштық табуы тәуелсіздігіміздің баянды болашағы деп жорып отырмыз. Кейкі батыр сияқты бабамыздың ерлігін жас ұрпаққа насихаттау баршамыздың міндетіміз болып қала бермек. Азаттық үшін күрескен батырларды тәуелсіз ел ғана бағалай алады! Қазақ елінің дербестігі үшін жаны құрбан болған Ер Кейкінің ерлік істері ел есінде мәңгі сақталып қала бермек.
Еркебұлан Нұрфаилов,
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный ОМ тарих пәні мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!