Бүкілхалықтық таңдаудың жарқын нәтижесі
Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыз үшін маңызды әрі өзекті мәселе болып табылады. Латын әліпбиі – әлемдегі ең танымал жазулардың бірі, яғни, болашағы зор деген сөз. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның әрі қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет. Уақыт талабымен санассақ, бұл дегеніңіз жаңа саты, жаңа үдеріс, жаңа дәуір деп ойлаймын. Осы уақыт ішінде барлық қоғаммен талқыланған жаңа әліпбидің нұсқасы халықтың қолдауын алып, оң нәтижесін берді. Менің ойымша, латын әліпбиінің соңғы нұсқасы тиімді. Өйткені, бүгінгі жаңа нұсқада өзекті мәселелердің барлығы ескерілді. [...]