Өрендер өнерімен өрнектелген күн
Мичурин орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Жақында бастауыш сынып оқушылары арасында «Тілім – менің тірегім» атты салтанатты сап түзеуде оқушылар түрлі ұлттық киімдер киіп, әр халықтың салт-дәстүрлері мен өнерлерін көрсетті. Толерантты тұлға қалыптастыру үшін баланың мәдениет туралы танымын кеңейтіп, әртүрлі халықтардың әдет-ғұрпымен таныстыру, оларды құрметтеуді үйрету маңызды. Алайда, өз елінің, ұлтының құндылығын дәріптей білуі шарт. Мектеп ішінде өткен іс-шарада осы қағида ұстаным етілді. Бірінші сынып оқушылары салтанатты сап түзеуге жап-жақсы дайындалыпты. Олар тіл туралы өлеңдерді [...]












