Жаңа ғасыр ғажабындай
Нұржан Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясында «Жұлдызды қала – Астана» тақырыбымен аудандық акция өтті. Жас ұрпақ туған жерінің тарихын біліп, Отанын көркейтіп, қадірлей білуі керек. Акцияны ұйымдастырудағы басты ұстаным осы болатын. Акцияға Совхоз орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қонаққа шақырылып, «Астананың 20 жылдық символы» осы аталған оқу ошағына тапсырылды. 11 маусымда басталған акция аудандағы барлық орта білім ордасында жалғасын тапты. Нұржан ата атындағы мектепте іс-шара концерт түрінде өткізді. Мектебіміздің әнші қыздарынан құрылған «Ай-Жұлдыз» тобы «Ас- тана» әнін нақышына келтіре орындады. «Салтанат» үйірмесі [...]