Сан сырлы саңлақ дарын

Сан сырлы саңлақ дарын

2 желтоқсанда Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Сан сырлы саңлақ дарын» атты аудандық жастар арасындағы мәнерлеп оқу сайысы өтті.

 

 

Қазақ халқының мақтанышы, ғалым, ұстаз, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы оқуларына ауданымызда түрлі салаларда қызмет етіп жүрген ұлттық әдебиетке, сөз өнеріне деген құрметін биік ұстайтын жастарымыз қатысып, бақтарын сынады. Ал жастардың өнерін бағалап, жеңімпазды анықтау үшін әділ қазылар алқасы төрелік етті. Олар – актриса, режиссер, өнер саласының «Еңбек ері» Айсәуле Есенбекова, Ақпарат саласының үздігі, журналист Назира Жәрімбетова, «Алтын дән» мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Жанат Мнайдар.

Сахна төрінде алғашқы болып №1 жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі Жақсылық Адырбаев Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» өлеңін орындады. Ал Қостанай ауылшаруашылық колледжінің 1 курс студенті Алпыс Әбдрахман «Арыстан, киік һәм түлкі», №2 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нұрайна Байжанова «Көк есектерге», «Оқуға шақыру», Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің түлегі, филолог маман Нұрғанат Газизов «Тілек батам», Қостанай ауылшаруашылық колледжінің 1 курс студенті Бекасыл Жаңбырша «Достыма хат», «Ақын ініме», Совхозный жалпы білім беретін мектебінің физика математика пәнінің мұғалімі Ақбота Қойшығұлова «Жиған терген», Қостанай ауданы білім бөлімінің «Сәулетай» бөбөкжайының тәрбиешісі Әйгерім Манабай «Өгіз бен бақа» және «Анама хат», Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Гүлшат Ниязбекова «Қазақ қалпы», Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Ернар Сапабек «Қартайған арыстан», Қостанай ауылшаруашылық колледжінің 3 курс студенті Бекарыс Тыныштық «Адамдық диқаншысы», №2 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Мадина Тапашева «Қазақтың бала жұбатуы» өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, көрерменге ақынның өлең-сөзбен айтар ойын жеткізуге тырысты.

«Қол өнері – кілемде, сөз өнері – өлеңде» – демекші, әділқазы мүшелері жастардың өнерін бағалап, ІІІ орынды Алпыс Әбдірахман мен Нұрайна Байжанова жеңіп алды. ІІ орынды Гүлшат Ниязбекова иеленіп, І орын тіл маманы Нұрғанат Газизовке берілді. Барлық байқауға қатысушылар дипломдар мен алғыс хаттарға ие болып, ақшалай сыйақымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!