Төрелік сот болған Алаш зиялылары
Қазақтың ұлттық қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығы ретінде Алашқала деп аталған Семейде орналасқан сот мұрағатынан осыдан бірнеше жыл бұрын табылған құжаттар бүгінгі ұрпаққа негізінен Алашорда зиялылары, ұлтжанды ақын-жазушылар ретінде танылған Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Тұрағұл Абайұлы, ғалым Қаныш Сәтбаевтарды бізге басқа қырынан танытты. Мұрағат құжаттары аталған тұлғалардың қара қылды қақ жарып, сот билігіне сайланып, халықтың мұң-мұқтажын шешуде әділдік туын көтергенін көбіміз біле бермейміз. Үш мамандықты қай заманда да қадір тұтқан. Олар: адамның жанын емдейтіндер, тәнін емдейтіндер және заңгерлер. Көне мұсылман елдерінде [...]