Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – қай халықтың да зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі.
Жаңа жыл – өткенді саралайтын, келешекке бағдар жасап, ертеңге батыл жоспарлар құрылып, үлкен міндеттер жүктелетін уақыт.

Өткен жыл бәріміз үшін жетістіктері мол және маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуын, көрнекті ағартушы, реформатор-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өттік. Сонымен қатар, биылғы 2022 жыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Балалар жылы» болып жарияланды.

Тарих қойнауына енгелі отырған жыл өзінің маңызы жағынан айрықша жыл болды.
Өткен жыл біздің ауданымыз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, сонымен қатар, халық қалаған, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Жаңа инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар енгізілді, өндіріс көлемінің өсуі байқалады, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылданды. Сондай-ақ, бірқатар қоғамдық маңызы бар іс-шаралар өтті, ал біздің құрметті жерлестеріміз мемлекеттік атақтар мен наградаларға ие болды.

Тізе берсек, осындай жетістіктеріміз көп-ақ. Ауданымыздың бұл табыстарында әрқайсыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, баршаңызға жасаған жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.

Біздің осы жетістіктеріміз алдағы жылда да еселене түсетініне кәміл сенемін.
Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, Жаңа жыл әр отбасына жылулық әкелетін жасампаз мереке болсын. Жаңа жыл ынтымағы мен бірлігі жарасқан аудан халқы үшін сәтті жыл болып, әр шаңырақта береке-бірлік, шаттық пен қуаныш орнасын.
Еліміз еңселі, халқымыз бейбіт, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Жансұлтан ТАУКЕНОВ, Қостанай ауданының әкімі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!