Жаңа заң мұғалімдерге не береді?
Өткен жылы елімізде көп талқыланып, жақында алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Құжат елдегі жарты миллионнан астам мұғалімнің құқығын қорғайды. Бұдан былай ұстазды заңсыз жұмысқа тартушылар, жөн-жосықсыз тексергендер, балағаттағандар 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Апталық жүктеме азаяды. Енді 18 сағат емес, 16 сағат. Ақылы демалыс 42 күннен 56 күнге ұзартылды. Педагог мәртебесін айқындайтын Заң негізі төрт бағытты қамтиды: ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту; мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту; материалды [...]