Ұлттық спортты насихаттау
Бүгінгі күні елімізде ұлттық спортты дамыту аса назарға ие. Тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет қабылданған мемлекеттік бағдарлама нәтижесінде бұл күндері ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстар тек қана облыс орталықтарында ғана емес, қазіргі кезде аудан мен ауылдарды да қамтып келеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекіту туралы» № 52 бұйрығына сәйкес «Жекпе-жек» өнері ұлттық спорт түрлері қатарына енгізілді. «Жекпе-жек» – қазақтың ұлттық әскери - жауынгерлік өнері. Бес қаруын бойында ұстаған батыр бабаларымыздың [...]












