Жақын әрі жарқын болашақ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын ел экономикасын дамытуда қолданудың маңызы туралы: «Біз тәуелсіздік жылдары әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосылдық. Қазір дамыған озық 30 елдің қатарына ену міндеті тұр. Ол Қазақстаннан жаңа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді. Сондықтан мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда Үшінші жаңғыру жөнінде жарияладым. Оның негізі – цифрландыру», – деген еді. Цифрландыру кәсіпорындар мен жалпы еліміздің бәсекеге қабілетін, сондай-ақ, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажет. Бұл орайда алдымен, ақпараттық [...]