Ғасыр проблемасы – пластик өнімдерден қашан бас тартамыз?

Ғасыр проблемасы – пластик өнімдерден қашан бас тартамыз?

Денсаулық – зор байлық. Дана халқымның осы асыл сөзінің мән-мағынасы күн бе күн артып келеді. Жастайыңнан денсаулыққа мән беріп, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүруді қолға алмасаң, ауру сұрамай-ақ келеді. Ал, адам бойындағы көптеген аурулардың себебі күнделікті тұрмыс-тіршілікте пайдаланып жүрген пластикалық ыдыстар екенін білесіз бе?

Түркияның пайдалы әрі дұрыс тамақтану саласының маманы, профессор, доктор Кенан Демиркол пластмасса ыдыстардағы су мен тағамдардың денсаулыққа қауіпті екенін анықтап жариялағалы көп жылдар өтті. Полиэтилентерефталат өнімінен жасалынатын пластмасса ыдыстардағы зиянды заттар суға араласады. Әсіресе пластмассаны жұмсарту үшін қолданылатын антимонит деп аталатын ауыр металл да сумен араласқа түседі. Осылайша пластмасса ыдыстан су ішкен адам осы зиянды заттарды да қоса ішеді. Ал бұлар бізге қандай залал тигізуі мүмкін? Бұлар адам ағзасындағы гормондарды бұзатын элементтер. Бұл ыдыстағы суларды тұтынғанда ағзаңызда гормоналдық бұзушылық пайда болады. Мәселен, солардың бірі эстрогеннің әсерінен туындайтын гормоналдық бұзушылық. Яғни, бұл 5 жастағы қыздың етеккір көруіне себеп болуы да мүмкін. Профессор өз тәжірибесінен мысал келтіріп, ағзадағы өзгерістің әсерінен Люлебургаз (Түркия) қаласында тұратын екі жарым жастағы бір қыздың етеккірі келгенін айтады. Атақты дәрігердің айтуынша, күнделікті барлығымыздың су ішіп жүрген 19 литрлік пластикалық ыдыстар поликарбонат деп аталатын пластмассадан жасалады, ал бұл Бисфенол-А деп аталатын шикізаттан өндіріледі. Ал Бисфенол-А-ның сүт безі рагына шалдықтыратыны 1930 жылдан бері белгілі. Бұған қатысты 130 ғылыми мақала жарияланған. «Бисфенол-А аяғы ауыр әйелдің жатырындағы сәбидің миындағы жыныстық ажырату орталығына барғанда баланың гомосексуал болу мүмкіндігін арттырады екен. Ал ер азаматтарда бұл зат простатит рагына шалдығу мүмкіндігін үш есеге арттырады», – дейді профессор Кенан Демиркол. Сондықтан, мамандар пластмасса ыдыстардағы сулардың табиғи болмайтындығын ескертіп, су құбыры жүйесіндегі (крандағы) суды пайдалануға кеңес беруде. Табиғи тірі судың адам ағзасына пайдасы көп.
Пластиктің әлем бойынша қолданылып келе жатқанына 70 жыл болған. Бүгінгі күні көптеген елдер пластиктен жасалған ыдыстарды сәбилер үшін пайдалануға тыйым салып, жаһан жұрты пластик өнімдерден бас тартқалы жатыр. Тізімде 27 елдің басын біріктірген Еуроодақ бар. Азия елдерінің де бірсыпырасы осы бағытта нақты бастамалар көтеруде. Айталық, Индонезияның Сурабая қаласында қазір осы материалдан жасалған шөлмек пен ыдыс тапсырсаңыз, автобуспен қалаған жеріңізге ақысыз жетесіз. Пластиктен төнген қауіпті сезінген жұрт осындай қадамдар жасап жатыр.
Ал еліміздің санэпид қадағалау саласының мамандары пластик ыдыстардың ішіне тамақ сақтағанда оның нұсқаулығына қарап, ондағы жазылған талаптарды бұлжытпай орындау керек деп кеңес береді.
Пластиктен жасалған ыдыстарды дұрысты қолданатын болсаңыз, ол қауіпсіз. Егер пластик ыдыстар жылытылса,оған өнім ұзақ сақталса,сондай ақ көп қолданыста болса, ол зиянды заттарды бөлуі мүмкін. Сосын мұның барлығы азық түлікке қосылады.Осындай ыдыстарда тамақ дұрыс сақталмаса немесе ұзақ сақталса онда өнім бұзылып бұл денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізеді, -дейді сала мамандары. Дегенмен, күнделікті тұрмыс – тіршілігінде әр адам қандай ыдысты пайдаланады, ол өз еркі. Қазақстанда нақты зерттеу жүргізілмегендіктен дәрігерлер де, ғалымдар да пластикті қолдануға болмайды деп бірден кесіп айта алмайды. Ал бүгінгі біздің өміріміздегі қолданыста пластиктен жасалған ыдыстар мен бұйымдардың көп екені сөзсіз. Сондықтан, ғасыр проблемасына айналып отырған пластмассадан жасалған өнімдерді тіршілігіңізге жаратасыз ба, жоқ па, ол өзіңізге байланысты. Бірақ, бұл мәселе бойынша дұрыс шешім қабылдауды әркім өзінен бастағаны жөн.

Пайдалы су туралы бар шындық

Судың әрбір тірі ағза үшін маңызды материал екендігін бесіктегі бала да біледі. Ертегілер мен аңыз әңгімелерде судың тіршілік көзі екендігі жиі айтылып, оның пайдалы тұстарына көп мән беріледі. Адам сусыз өмір сүре алмайды, ал суды шамадан аз қолдану көптеген аурулардың пайда болуына әкеліп соқтырады.
Қазақстан Республикасы минералды ресурстар Академиясың корреспондент мүшесі, табиғи суларды зерттеуші әрі әзірлеуші, қазақстандық Asia Waters холдингінің ғылым жөніндегі директоры Евгений Александрович Пятов су туралы барлық шындықтың бетін ашты. Ол су туралы жиі қолданылатын анықтамаларға түсінік беріп, ағзаға қандай сулардың пайда әкелетінін айтып берді.

Қар суы
Қар суының пайдалы екендігі бұрыннан айтылып келеді. Бәрінен бұрын, оны бірден қолданған дұрыс. Яғни, қар суын еріткен бойда ішіп қойған жөн. Қар суы зат алмасуды реттеп, бүйрек қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді; қан айналымды жақсартып, холестерин деңгейін төмендетеді; қан қысымын рейттей отырып, теріні, ұйқыны жақсартады және мидың белсенділігін арттырады. Алайда, дер кезінде ішіп қоймасаңыз, қар суы бұл қасиеттерін тез жойып жіберетінін ескеріңіз.

Бұлақ суы
Бұлақ – жер бетіне шығып жатқан табиғи минералды су. Бұлақ суын кез келген табиғи су секілді ішер алдында міндетті түрде тексеру керек.
Егер сараптамада оның минералды құрамы адам үшін мінсіз екенін, улы элементтері мен патогендік бактериялары жоқ екенін анықтаса, яғни физиологиялық тұрғыдан толыққанды болса, онда қайнатылмаған және сүзгіден өтпеген табиғи күйіндегі бұлақ суының өте құнды деген сөз.

Минералды су
Табиғи минералды суды біз және бүкіл әлем жерасты қайнарларынан алынған, күнделікті тұтынуға болатын ауыз су ретінде білеміз. Медицинада адам денсаулығы тұтынатын судың құрамына тікелей байланысты екені дәлелденіп, ауыз судың физиологиялық толыққандылығы деген түсінік енгізілген. Ол адам ағзасында туындайтын химия-биологиялық процесстерді реттеуге септігін тигізеді.
Мұндай элементтерге ка-
льций, магний, йод, фтор, гидрокарбонаттар жатады.
Толыққанды ауыз судың ең оңтайлы минералдану деңгейі 0,2 мен 0,5 г/л аралығында болуы тиіс. Бір литр судағы кальцийдің мөлшері 25 миллиграммнан, ал магнийдің мөлшері 5 миллиграммнан кем болмауы тиіс.
Минералды ауыз сумен салыстырғанда емдік және минералды емдік-ас су емдік қасиетке ие. Оларды белгілі бір ауруларды емдеу және алдын алу мақсатында ішке қабылдауға, сонымен бірге сыртқа жағуға да болады.
Емдік немесе емдік-ас суды қолданар алдында емдеуші дәрігермен ақылдасқан жөн. Әр емдік және емдік-ас судың курортологтар жасаған бальнеологиялық тұжырымы болуы тиіс.
Онда судың дәрігер жазған түсініктемесі, бекітілуі, суды қолдануға болмайтын жағдайлар, қосымша эффектілері, ішу режимі, пайдалануға қажетті мөлшері, сумен емдеу курсының ұзақтығы, температуралық режим және емдеу арасындағы ұзақтық көрсетіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!