Архив-2025: міндет пен мақсат
Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында жүктеген бір міндет – барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау. Бағдарлама аясында қандай жұмыстар атқарылуы тиіс? Бірінші кезекте қай бағытқа көңіл бөлінуі керек? Осы сауалдар төңірегінде ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің пікірлерін саралап көрелік. «Мәдени мұраның» жалғасы «Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне [...]