Бизнеске ашылған даңғыл
Биыл Қазақстанда «Жастар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» жобасын іске қосты. Мақсат – кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсету. Бастама ел ауқымында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау Бизнес» жобасы аясында іске асырылады. Соңғы екі жылда (2017-2018) «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасын сәтті жүзеге асырды. Оның аясында ауылдық және аз қоныстанған елді мекендерде 43 мың тұрғын бизнес негіздерін оқыды. Биылдан бастап, Президент тапсырмасымен жастарға арналған гранттық қаржыландыру екі [...]