Үш тіл және үлкен міндет
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарайтын, үш тілді еркін меңгерген, жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу ісіне көп мән беріледі. Осы бағытта ұстаздарға артылған міндет зор. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиген алғашқы күндерден бастап елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы кезекті жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – [...]












