Бейіттегі бизнес: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алаңдаулы
Бүгінде жерлеу рәсімдері үлкен бизнеске айналды. Себебі қазақстандықтар марқұмның басын көтеруге ақша аямайды. Бір адамның бейітіне миллиондаған қаржы жұмсау бәсекелестікке айналып бара жатыр. Шариғатқа қайшы келер іске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да алаңдаулы. Сондықтан болар, жерлеу рәсімдерін және зират көтеру мәдениетін бір жүйеге келтіру мақсатында мүфтияттың жанынан салттық қызмет көрсетумен айналысатын «Qamqor-Sharapat» орталығы ашылды. - Бас мүфти «Qamqor-Sharapat» орталықтың жұмысына үлкен сенім артып отыр. Зираттағы бәсекелестік пен ысырапты тоқтату қажет дейді. Осыны қалай шешесіздер? - Бисмилаһи рахмани рахим, негізі, мүфтиятқа зираттарды [...]












