Цифрландыру: жұмыс жеміссіз емес
Қазір ел экономикасын цифрландыруға баса назар аударылып отыр. Бұл қарқынды жұмыс Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы — «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Цифрландыру ұлттық экономиканың қозғаушы күші әрі тұрақты жұмыс орындарын құрушы салаға айналып келеді. 2018 және 2019 жылдары аталған бағдарламадан түскен жалпы экономикалық пайда 600 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, көлік және тау-кен металлургиясы салаларында цифрлы технологияларды енгізуде айтарлықтай елеулі жетістіктер бар. Ақпараттық технологиялардың одан әрі интеграциялануы Қазақстанның [...]












