Жаңа бағдарлама: ет өндірісіне екпін
Бос жатқан жайылымдарды тиімді пайдалану, ауылдағы халықты мал шаруашылығымен белсене айналысуға тарту үлкен мәселе болып тұр. Себебі, қазір қорасында мал ұстайтындар да азайып барады. Көп жағдайда көрсеткіштер шаруа қожалықтары есебінен ғана жоғары. Сол себепті Ауыл шаруашылығы министрлігі тағы бір жаңа бағдарлама жасап шығарды. 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламада негізгі басымдық ірі қара мен қой шаруашылықтарына берілген. Он жылға есептелген жоба АҚШ, Канада, Уругвай және Австралия елдерінің тәжірибелеріне сүйеніп жасалған. Мамандар оны ойластырғанда Қазақстанның климатындағы немесе басқа да ерекшеліктері ескерілгенін мысалға келтіреді. [...]