Салт-дәстүрді дәріптеп
Жас ұрпақ бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, қазақ халқының салттары туралы білімдерін толықтырып, кеңейту мақсатындағы Мичурин мектебінде салт-дәстүрді дәріптейтін жоба ұйымдастырылды. Жобаның шымылдығын «Бастаңғы» ашты. Бастаңғы - қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде жастар сол үйге жиналып, Бастаңғы жасалады. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу, қонақ күте білуге баулу. Енді бірі - қызды қазан-аяқ ұстауға, дастархан жасай білуге үйрету. Мектебіміздің қабырғасында [...]












