Түлектің көңілі Ресейде…
Ресей 2018 жылы Қазақстан абитуренттері үшін 10 мың грант бөлді. Осы гранттар арқылы көрші елдегі отыз оқу орнында оқуға болады. Қазіргі таңда Ресейде 70 мыңнан астам қазақстандық студенттер білім алып жатыр. Жылма-жыл бұл цифр өсіп барады. Жоғары оқу орнына түсу үшін Қазақстандағы әр түлекке ҰБТ тапсыру міндеттеледі. Ресми мәліметтерге сүйенсек, былтыр мектепті 131 мыңнан астам оқушы бітірсе, соның тек 93 мыңға жуығы ғана тестілеуге қатысқан. Сол сынақты тапсырғаны бар, тапсырмағаны бар, көптеген түлек Ресейге аттаныпты. Ол елде жоғары білім [...]