Жаңа биіктерге жол ашқан еңбек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы қазір жұртшылық тарапынан қызу талқыланып жатыр. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейлі датасына арналған көлемді шығарма жөнінде біз зиялы қауымның пікірін білген едік. «Бес дұшпанмен» күресте белсену керек» Президент мақаласы қазіргі Қазақстанның өзекті мәселелерін көтеруімен ерекшеленді. Ұлы данышпанның көзқарасы мен бүгінгі Қазақстанның тұрмысын, тынысын, саяси-әлеуметтік жағдайын саралай отырып жазылған мақала. Абай не деді, біз қалай өмір сүріп жатырмыз деп таразылайды, ой салады. Мақала [...]












