Әлем елдері Жаңа жылды қалай қарсы алады?
Бұл мерекені әлем халқы әртүрлі уақытта атап өтеді. Қазақ халқы Ұлыстың ұлы күнін ерекше күткен. Жаңа жыл мерекесін көшпелілердің көктемде тойлауы жөнінде көне қытай жазбаларындағы деректерде сақталыпты. Ресейде Жаңа жылдың басты кейіпкері – Аяз ата. Ежелгі Русь христиан дінін қабылдағанға дейін Жаңа жылды наурызда қарсы алып келген. Мейрам күндері Құт құдайының құрметіне арналған шырақтарды шие ағашының бұтақтарына іліп, түрлі аурулар мен пәледен сақтайды деген сеніммен дастарқан басына жиналғандар алдына 3 бас сарымсақ, үстелдің қақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал [...]












