Жарасымды салт жадымызда жүрсін
Енді бір ширек ғасырдан соң, қазақы салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді сақтай аламыз ба? Қазір әлемде батыстану, яғни, мәдениетті батыстық үлгімен, стандарттар қалпында дамыту моделі жүргізілуде. Бұл – өте қауіпті құбылыс. Ұлт өзінің әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен ғана ұлт болып дамиды. Тәуелсіздігіміздің бір мүшелінде Батыс әлемі біздің ойлау машығымыз бен салт-дәстүрімізді әбден зерттеп, тәжірибе де жүргізді. Швецияның үлкен бір ғалымы Моңғолияда, Қытайда және Түркияда өмір сүріп жатқан мұсылман халықтарын зерттеп, оның ішіңде қазақтардың өзін-өзі сақтау қабілетіне таңғалыпты. Ол қазақтардың салт-дәстүрін сақтаудағы пәрменділігін дастарханынан байқаған. [...]












