Жас палуандардың жетістігі
Қай ел, қай ұлт болмасын өз күшін, өз мықтысын өзгелерге, жауларына көз қылып мақтан еткісі келеді. Күш сынасу арқылы өзінің мықтылығын паш етпек. Жеңуге ұмтылу, екі палуанды салыстыру, мықтыны анықтау бұл адамзаттың әу бастан-ақ жаратылысында бар нәрсе. Күресу өнері ежелден келе жатқан спорт түрі екенін қола дәуіріне жататын Орталық Қазақстан аумағынан табылған таңбалардан аңғаруға болады. Сол замандардан бері күрес өнері халқымызбен бірге жасап келе жатыр. 2024 жылдың 2-6 ақпан аралығында Талдықорған қаласында Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Қостанай [...]












