Белбеу күресі белділерді сынады
Белбеу күресі қазақтың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие. Белбеу күресі 1938 жылдан бері Республикалық жарыстар бағдарламасына енген. 2016 жылы ЮНЕСКО толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастық принциптеріне негізделген қауымдар арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, белбеу күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді. Белбеу күресі белі байланған екі жауынгердің өзара жекпе-жегін көрсететін күрес түрі. Спортшылар жекпе-жек кезінде бір-бірін белбеуден ұстап, белдеседі және әрқайсысы өз қарсыласын жығуға, жеңуге тырысады. Айта кетсек 2007 жылға дейін [...]












