Пікірталас тәртібі қандай?
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында халықаралық байқаушыларды аккредиттеу және сайлау алдындағы пікірсайыстар мен пікірталастарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Отырысты ашқан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдеріне тоқталды. «Заңда соңғы конституциялық өзгерістер көрсетілген, оған сәйкес президент бұдан былай 7 жыл мерзімге сайланады, бірақ бір реттен артық сайлана алмайды. Бір мәрте жетіжылдық президенттік мерзім туралы норма ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң, яғни осы жылдың 17 қарашасында қолданысқа енгізіледі. Осылайша, алдағы [...]












