Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебінде «Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет» атты оқушылармен Ахаңды зерттеу жолында еңбек жасап жүрген азаматтардың кездесу өтті. Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Алаштың арда азаматының бұл жолғы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, әрине, алдымен Қазақстанда кең ауқыммен тойланып жатқаны баршамызға белгілі. Осы орайда, аталған мектепте ұлт көсемі Ахаңның меретойына арналып көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Жиынға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен [...]












