Домбыра үні асқақтаған күн
Қазақстандықтар екінші жыл қатарынан Ұлттық домбыра күнін тойлады. Елбасы жарлығымен бекітілген мерекеге Қостанай ауданынының өнерпаздары да атсалысты. Затобол жұртшылығы «Жаңару» саябағында «Тобыл сазы» ұлт-аспаптар оркестрі ұсынған концерттік бағдарламаны тамашалады. Домбыра мен қазақ егіз. Ақын Қадір Мырза-Әліше айтқандай, «нағыз қазақ – домбыра». Тарихи бір деректерде оның мағынасы «кішкене садақ» деп көрсетіледі. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен қазіргі домбыраның еш айырмасы жоқ. Қос ішекті аспап [...]












