Ұмытыла бастаған салт-дәстүрлер
Салтыңды сақтау – ұлттық болмысыңды жоғалтпау. Өзім дәстүрлерді бұлжытпай орындауға тырысамын. Оны дәріптеп, айналамдағы адамдарға ой салып, замандастарымның есіне түсіріп жүремін. Салт-дәстүрлер ата-бабаларымыздың баяғы замандағы іс-әрекетінен, тұрмыс-тіршілігінен, тәлім-тәрбиесінен хабар береді. Өкінішке қарай, қазір соның көбі ұмытылып барады. Тұрмыстық салт-дәстүрлердің бірі – Ерулік беру. Ол ауылға жаңа көшіп келген отбасын құрметтеп, қонақ асына шақыру. Отбасы жаңа ортаға тез үйреніп кетуі үшін беріледі. Жаңа көшіп келген отбасыға отын-су әкеліп, көмек көрсетеді. Бұл – адамдардың сыйластығын нығайтып, бірлігін, қарым-қатынасын жақсартады. Тоқымқағар – ақ ниеттен, адал [...]












