Қостанай ауданының әкімі аймақ тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – бұл біздің ең қастерлі де қасиетті, баға жетпес құндылығымыз! Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлтымыздың ежелден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің көк байрақты жеңісі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздің шекарасы бекітіліп, Негізгі заңды қабылдадық, Қазақстан Республикасының әлемдік аренада мықты мемлекет ретінде одан әрі дамуына бағыт алдық, онда экономика мен әлеуметтік саланы дамыту мемлекеттік саясаттың [...]












