Ұлттық спортты насихаттау

Ұлттық спортты насихаттау

Бүгінгі күні елімізде ұлттық спортты дамыту аса назарға ие. Тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет қабылданған мемлекеттік бағдарлама нәтижесінде бұл күндері ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстар тек қана облыс орталықтарында ғана емес, қазіргі кезде аудан мен ауылдарды да қамтып келеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекіту туралы» № 52 бұйрығына сәйкес «Жекпе-жек» өнері ұлттық спорт түрлері қатарына енгізілді.

«Жекпе-жек» – қазақтың ұлттық әскери – жауынгерлік өнері. Бес қаруын бойында ұстаған батыр бабаларымыздың даңқты дәстүрі. Келешек ұрпақтың рухты болуының кепілі. Ел мен жерді қорғаудың, Отан қорғаудың озық тәсілі, дәстүрлі жүйесі.

Жекпе-жек өнерінің дүние жүзінде сан түрлі атауы, ережесі, ерекшелігі бар. Бірақ барлығындағы басты ұстаным – әділ жеңіс. Ертеде хас батырлардың бір-бірімен жеке шайқасын – «жекпе-жек» деп атаған. «Жекпе-жек» атауының тура баламасы өзге ешқандай тілде жоқ. Жекпе -жек қарсылас қос батырдың бес қарумен күш-қуатын, әдіс-айласын, шеберлігін сынайтын әділ бәсеке.

Тарихқа көз жүгіртсек, «Жекпе-жек» ұлттық спорты 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамынан бастау алады. 2012 жылы «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі болып қайта тіркеліп, барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында филиалдар ашылды.

2013 жылы Қазақстан Республикасының «Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» жекпе-жекті спорт тізіміне енгізіп, жекпе-жек ұлттық спорт түрімен айналысатын спортшыларға спорттық атақтар берудің біліктілік талаптары мен қағидаларын бекітіледі.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында және халық арасында бұқаралық спортты дамытуға, ұлттың салауатты генофондын жақсартуға, өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге шақыру мақсатында Қостанай ауданының «Жекпе-жектен» аға жаттықтырушысы Жылқышбаев Ренат Амангелдіұлы Қостанай қаласының Сырбай Мәуленов атындағы мектеп гимназиясының жас буынымен кездесу өткізді.

Ежелден атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық жекпе-жек спорт түрін насихаттап қана қоймай, өскелең ұрпақты тәрбиелеп, жастардың рухын ұлттық спорт арқылы көтеріп жүрген Ренат Амангелдіұлына алғысымызды білдіреміз.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекіту туралы» № 52 бұйрығына сәйкес «Жекпе-жек» өнері ұлттық спорт түрлері қатарына енгізілді.

«Жекпе-жек» – қазақтың ұлттық әскери – жауынгерлік өнері. Бес қаруын бойында ұстаған батыр бабаларымыздың даңқты дәстүрі. Келешек ұрпақтың рухты болуының кепілі. Ел мен жерді қорғаудың, Отан қорғаудың озық тәсілі, дәстүрлі жүйесі.

Жекпе-жек өнерінің дүние жүзінде сан түрлі атауы, ережесі, ерекшелігі бар. Бірақ барлығындағы басты ұстаным – әділ жеңіс. Ертеде хас батырлардың бір-бірімен жеке шайқасын – «жекпе-жек» деп атаған.

«Жекпе-жек» атауының тура баламасы өзге ешқандай тілде жоқ. Жекпе -жек қарсылас қос батырдың бес қарумен күш-қуатын, әдіс-айласын, шеберлігін сынайтын әділ бәсеке.

Тарихқа көз жүгіртсек, «Жекпе-жек» ұлттық спорты 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамынан бастау алады. 2012 жылы «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі болып қайта тіркеліп, барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында филиалдар ашылды.

2013 жылы Қазақстан Республикасының «Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» жекпе-жекті спорт тізіміне енгізіп, жекпе-жек ұлттық спорт түрімен айналысатын спортшыларға спорттық атақтар берудің біліктілік талаптары мен қағидаларын бекітіледі.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында және халық арасында бұқаралық спортты дамытуға, ұлттың салауатты генофондын жақсартуға, өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге шақыру мақсатында Қостанай ауданының «Жекпе-жектен» аға жаттықтырушысы Жылқышбаев Ренат Амангелдіұлы Қостанай қаласының Сырбай Мәуленов атындағы мектеп гимназиясының жас буынымен кездесу өткізді.

Ежелден атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық жекпе-жек спорт түрін насихаттап қана қоймай, өскелең ұрпақты тәрбиелеп, жастардың рухын ұлттық спорт арқылы көтеріп жүрген Ренат Амангелдіұлына алғысымызды білдіреміз.

Әсел Жанұзаққызы,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!