Достық кубогы

Достық кубогы

Тамыры ежелгі Грециядан бастау алатын грек-рим күресі Қостанай ауданында да кең сұранысқа ие.

Тарихқа көз жүгіртсек, 40-шы жылдары күрес (еркін және грек-рим) Қазақстанда спорттың түрі ретінде кеңінен дами бастады. Көп ұзамай 1947 жылы біздің еліміздің өкілдері грек-рим күресінен болған бүкілодақтық чемпионатқа қатысты.

Қазақ даласының жарқын палуандарының бірі Қайрат Байдосов сол кезде бірінші болып ССРО спорт шебері атағына қол жеткізді. Дәл сол кезде қазақстандық палуандар әлемдік күрес элитасына енді.
Грек-рим күресі басқа күрес түрлерімен салыстырғанда өзіндік ерекше стилі мен техникасы бар.
Осы бір баһадүрлік өнерден Қазақстан тарихында Балуан Шолақты да атап өтпеске болмайды:

Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Каhарманнан мынау басым
Залок сап жетпіс бес сом күрескенде

Сындырдым Карон балуан қабырғасын, – деген өлең жолдарынан Балуан Шолақтың күрес жайлы толғауын байқауға болады.

Талантты жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын «Достық кубогы» 8-10 ақпан күндері Тобыл қаласының «Астана» спорт кешенінде қызуқанды өткен болатын.

Аталған жарысқа Қостанай ауданы, Қостанай қаласы, Рудный қаласы, Әулиекөл ауданынан келген палуандар өзара күш сынасты.
1 орынға ие болған Қостанай ауданының жас палуандары, бапкері Никитюк Н. В
2 орынға ие болған Қостанай қаласының палуандары, бапкері Обручев С. Б
3 орынды Әулиекөл ауданының жас палуандары қанжығасына байлады, бапкері Дикуха Ю.Ю

Барлық қатысқан спортшыларымызға алғыс білдіре отырып, алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тілейміз.

Әсел Жанұзаққызы,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Поделитесь этой новостью!