Мәриям ана бақыты
Ана дегенде толқымайтын көңіл, толғанбайтын жүрек жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын сөздің астарында теңіздей терең мағына жатқаны анық. Осы бір ерекше атауға ғана тән қасиеттерге ие болған жандардың бірі Мәриям Қаппарқызы туралы сөз етпекпіз. Қоғалы көлді, құм-сулы Арқаның жайма шуақ жазынан жайдарылық, қарлы қысынан аппақ тазалық, қойнауы малға толған байтақ даласынан дархандықты бойына сіңірген кең мінезді, сындарлы бітімді, кеңпейілді аяулы ана, өнегелі ұстаз Мәриям Қаппарқызы биыл 5 сәуір күні 70-ке толады. Ата-енесі Сүндетбай мен Жамал жалғыз ұлдары Мұратбектен ұрпақ жалғастығын [...]












