Ата заң – алтын арқау
Қазақстан Республикасының басты құжаты – Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толды. Осынша уақытта 3 рет өзгеріс енгізілді: 1998, 2007 және 2017 жылы. Соның соңғысы елдің басты құжатына елеулі өзгерістер әкелді. Осы өзгерістер турасында әлі біле бермейтіндер бар. Аталмыш тарихи қадам бізге, ел билігін жетілдіруге қандай үлес қосты, соған тоқталайық. «Заманның дидары өзгерді, біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді». Конституцияға билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы өзгерістерге бастама жасаған үндеуін Елбасы осылай деп бастаған [...]












