Жаңа әліпбиге көшу – жаһан көшіне ілесу
Өткен апта соңында Қостанай ауданына Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жаңа қазақ әліпбиін өзгертудің алғышарттары мен емле-ережелерін көпшілік арасында арнайы насихаттау тобы ат басын тіреді. Жиынға аудан мұғалімдері, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен студенттер қатыстырылды. «Ауданымызда қазақ әліпбиінің латын графикасына көшіру жобасын ілгерілету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, жаңа әліпби бекітілген соң, оны халыққа түсіндіру үшін алуан форматта іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – бүгінгі басқосу», - деп атап өтті аудан әкімі Қайрат [...]