Қоғамға бейімдеу үшін…
Мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасау – қоғам алдындағы бір үлкен міндет. Жалпы, баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды екені белгілі. Ал, денсаулығының ақауы бар балалардың тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек. Үш жылға – 58 млрд теңге Мүгедек балалардың уақытша немесе тұрақты мекендеуіне арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер бар. Ол жерге интеллектісі сақталған, сүйену-жылжу аппаратының қызметі бұзылған, тұрақты түрде басқа бір адамның көмегіне және медициналық қызметке зәру 4 пен 18 жас аралығындағы төмендегідей сырқатпен [...]