Нұржанның мұрасы
Биыл «тақтақ ақын» атанған Нұржан Наушабаевтың туғанына 160 жыл. Осыған орай, тұлғаның атындағы Затобол мектеп-гимназиясында «Нұржан Наушабайұлының шығармашылық мұрасы» атты конференция өткізілді. Нұржан Наушабайұлы – кітаби ақындардың көрнекті өкілі, композитор, балуан да болған. Ол жастық, жігіттік шағын ел аралап, ән салып, серілікпен өткізеді. Ыбырай Алтынсаринмен кездесуі оның ақындық талабына елеулі бетбұрыс әкеледі. Замана жайын, ел өмірін жырлауға көшеді. Адам мінезіндегі артық-кем жайттарды тұспалдап теңейді. Өз бетімен көп оқып, білімін жетілдіреді, әсіресе, шығыс әдебиетін, шағатай тіліндегі кітаптарды шұқшия оқиды. Шығыс ертегі-аңыздарының [...]