«Қазыналы» кітапханашы
Барлық еңбек жолын тілдерді дамыту саласына арнаған тіл маманы Алтын Ержанова бүгінде Садчиков ауылына көшіп барып, ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып, ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды дәріптеп жүрген кітапханашы. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай атамыз айтпақшы, барлық адам баласы үшін кітап – рухани азық. Осы рухани азығымызды жетілдіруде кітапхананың маңызы зор. Кітап - адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың байлығы, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, өнер білім бұлағы, оқу тәрбие құралы. Сондықтан кітапханаға оқырман тартып, жұмысын жандандырып, қоғамның [...]












