Ата-анаң – алтын тұғырың
Ата-анаға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрмет тұтуға үйрету, үмітін ақтауға баулу, махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу мақсатымен Тобыл қаласының Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы тағылымды ашық сабақ ұйымдастырды. Өзін-өзі тану пәнінен 11-сынып оқушыларымен бірігіп өткізілген іс-шараға «Ата-анаң – алтын тұғырың» деген атау берілді. Сабақ барысында үлкен өмірге қадам басуға дайын оқушылар өз отбасылары туралы ой-пікірлерін ортаға салып, ата-аналары жайында жылы лебіздерін жеткізді. Сабақта айтылған оқушылардың ойлары шын жүректен шыққаны байқалды. «Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты жанұя. Бақытты отбасында ғана ата-ана [...]