Самбошылар жарысы
2023 жылдың 1- 3 мамыр аралығында Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық санаттағы төреші Табынбаев Қошқарбай Төремұратұлын еске алу ниетімен ұйымдастырылған самбо күресінен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Азияның ашық кубогы өтті. Бұл жарыс көршілес 10 елден 120 қатысушының басын қосты, атап айтқанда: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Беларусь, Моңғолия, Ресей. Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылының тұрғыны, Тобыл қаласының Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Мұхамбетқали Дәулет Қазақстан Республикасы Азия Кубогынан 53 келі салмақта күресте қола медальді [...]












