Ұлы ойшылды ұлықтау
Абай Құнанбайұлының (1845-1904) туғанына 175 жыл толуы қарсаңында әлеуметтік желіде кең таралып жатқан эстафетаға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен сала министрлері де үн қосып жатыр. Ақын шығармаларын оқуды тоғыз жасар Ләйлім-Шырақ бастап берген еді. Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне жолдауынан соң, бұл бастама әлемді шарлап кетті. Қарқаралыда ескерткіш орнатылды Елімізде Абай мұраларын насихаттау, ұлы тұлға есімін ұлықтау шаралары қарқын ала түсті. Бір мысалы, Қарағандының Қарқаралы ауданында Құнанбай Өскенбайұлы мен Абай Құнанбайұлының құрметіне ескерткіш орнатылды. Таза мыстан жасалған мүсіннің биіктігі 4 метрден [...]












