Тоты АЙТМАҒАМБЕТОВА: «Алдымен мұғалімдерді дайындаймыз, содан соң тұрғындарды оқытамыз»
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен Қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары өткен жылы бекітілген болатын. Биыл латын графикасы бойынша оқытушыларды (тренерлерді) дайындау жоспарланып отыр. Осы жөнінде және өзге де сауалдарымызға Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Тоты Айтмағамбетова жауап берді. – Тоты Әбдібекқызы, аудан халқына латын әліпбиін үйрететін мұғалімдер қашан, қайда оқытылады? Олардың белгіленген саны, тізімі бар ма? – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Қазақ [...]












