Наурыз айы туғанда…
Наурыздың бес мың жылдық тарихы бар дейді ғалымдар. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіретін мейрам бүгінде бірліктің, ынтымақтың мерекесі деген сипат алып келеді. Алайда, шындығы керек, өзіміздің жаңа жылымызды қаңтардағы мерекедей неге күтпейміз? Күн мен түн теңелген уақытта барша ұлыс, бай мен кедей, кәрі мен жас бір табақтан, бір дастархан басында дәм татып отырса қандай ғанибет?! Бұрын қалай тойладық? Батыстық (Григориян) күнтізбеде табиғаттың маусымдық өзгерісі мен астрономия заңдылықтары есептелмеген. Табиғат пен ғарыш заңдылығы ескерілген жаңа жыл 22 наурыздан басталады. [...]












