Шара МУСИЛОВА: «Ана образы – орасан зор жауапкершілік»
Өнері өміріне айналған жан. І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы Шара Мусиловамен сұхбаттасқаннан кейін осы тіркес тіліме орала берді. Оның өнерді, театрды қалай сүйетіні әр сөзінен аңғарылып тұрды. Ағынан жарыла сөйледі. Әңгіме барысында басынан кешкен қайғылы жағдайды да айтып берді. - Шара апай, Қостанайға ауысқалы бері 50-ден астам рөлді сомдапсыз. Жалпы, қанша рөлде ойнағаныңыз есіңізде бар ма? Олардың ішінде қай образдарды ерекшелеп айтар едіңіз? - Айналайын, оның бәрі есімде жоқ. Қостанай сахнасында ойнаған рөлдерімнің алғашқысы – Қайыпберген аға Есенғұлов сахналаған [...]












