Шыңғыс САДУЕВ: «Имамдар әлеуметтік желіде белсенді болуы керек»
Деструктив ағымдардан сақтанудың ең сенімді жолы – діни сауаттылық. Сауатты, мәдениетті қоғамда адамдар арасындағы алауыздық, таным-түсінігіне қарай бөліп-жару болмауға тиісті. Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам университеті исламтану мамандығының 4-курс студенті Шыңғыс Садуев осындай пікірде. Біз болашақ теологпен осы тақырыпта әңгімелестік. Қаперге ілетін пайымдар айтылды. – Оқырмандар үшін түсінікті болсын, қай жерде туып өстіңіз, дін жолына кім тәрбиеледі, сол жөнінде аз-кем тоқталып өтсеңіз. Қазір жастардың көбін бизнес, ІТ саласы қызықтыратыны жасырын емес. Өзіңіз секілді қаланың баласына дін, теология ілімін таңдауға не себеп [...]












