Нағыз жауынгер
Қазақ елінің тарихында Ұлы Отан соғысының алар орны ерекше. Біздің отбасымыз үшін де бұл өткен күннің айрықша құрметпен ақтарар парағы. Биыл Жеңіске 75 жыл. 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні және менің Ербахыт атты тұңғыш ұлымның туған күні. Отбасымызда жылда үлкен мереке болып тойланады. Бүгінгі таңда майданда қаза тапқандарды еске алуды және соғыс алаңынан қайтып келгендерге алғыс айтуды үлкен міндет деп санаймын. Біз Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагері болған атамызбен 10 жыл бұрын қоштастық. 2010 жылдың 12 ақпанында 84 [...]












